RU
Қысқа толқынды пеште жұмыртқа пісірген әйел оңбай күйіп қалды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Қысқа толқынды пеште жұмыртқа пісірген әйел оңбай күйіп қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияның Манчестер қаласының тұрғыны Дайан Кобб интернеттен тауып алған әдіс бойынша қысқа толқынды пеште жұмыртқа пісірмек болған. Алайда сәтсіз әдіс нәтижесінде 55 жастағы әйел ауруханадан бірақ шықты деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Интернет желісіндегі танымал аспаздың әдісін Дайан Кобб бірнеше рет іске асырып көрген. Бірақ қысқа толқынды пеште кезекті рет жұмыртқа пісіру процессі ол үшін мәңгі есінде қалатын болды. Стақан ішіндегі жұмыртқа жарылып 55 жастағы әйелдің беті мен төсін күйдіріп жіберген.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

"Бұл қарапайым күйіктен әлдеқайда жаман. Маған терім өртеніп жатқандай болып сезінді", - деп айтты Дайан.

Денесі күйіп бара жатқандықтан ол бірден суық суға жууға жүгіреді. Сосын құрбысына хабарласып оны ауруханаға апаруын өтінген.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Дәрігерлер оның жарақаттарына амбулаториялық ем қауқарсыз деп, Дайанды күйік бөліміне жіберді.

Ауруханада төрт күн бойы жатып үйіне оралған әйел тағы да бір апта бетін жұртқа көрсетпеуге мәжбүр болды. Дайанның айтуынша, үйде қимылсыз отырған өте ауыр тиген.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Бүгінде әйелдің жағдайы анағұрлым жақсы. Алайда күйік жарақаттарынан толығымен айығу үшін екі жылдан астам уақыт керек.

Ол көпшілікті үнемі абай болып, қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтануға шақырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel