RU

Атырауда ашық жатқан құдыққа 5 жасар бала түсіп кетті (фото)

5 сәуір күні Атырау облыстық перинаталды орталығының ауласында ашық тұрған құдыққа 5 жасар бала түсіп кеткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

5 жасар бала түсіп кеткен құдық
5 жасар бала түсіп кеткен құдық: UGC

Абырой болғанда, балақай сол бойда құтқарылып, денсаулығына ешқандай зақым келмеген.

Ата-анасы перзентхананың күзетшісінен құдықтың аузын жабуды өтінгенде, күзетші оның құзыреттілігіне кірмейтінін айтқан.

5 жасар бала түсіп кеткен құдық
5 жасар бала түсіп кеткен құдық: UGC

Атырау қаласының тұрғындары құдықтың бетін жабуды қалалық әкімдіктен талап еткен.

"Атырау Су Арнасы" мемлекеттік-коммуналдық мекемесінің мәліметінше, "Атырау Су Арнасы" бригадасымен құдықтың беті жабылған. Қазіргі таңда құдық қауіпсіз екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1725348-atyrauda-asyk-zatkan-kdykka-5-zasar-bala-tsip-ketti-foto.html