RU
Қырғызстан президенті: Жемқорлықпен күресте досқа да, туысқа да қарамаймын
Жаңалықтар Әлемде

Қырғызстан президенті: Жемқорлықпен күресте досқа да, туысқа да қарамаймын

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков сыбайлас жемқорлықпен күресте досқа да, туысқа да қарамайтынын мәлімдеді деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: cloop.kg

Фото: cloop.kg

Ол бұл мәлімдемесін 5 сәуірде осыдан сегіз жыл бұрынғы "Сәуір төңкерісі" кезінде қаза болғандардың отбасыларымен кездесуде жасады.

"Жемқорлықпен күреске қатысты сауалдарға жауап берген Жээнбеков: "Құдай қаласа, мен бұл мәселені аяғына дейін жеткіземін. Шын сөзім. Тазалар ақталады. Ештеңені жасырмаймыз. Процесс басталды, оны аяғына дейін жеткіземіз. Мен ештеңеге қарамаймын. Мен досқа да, туысқа да қарамаймын. Барлығы бірдей жауап береді. Оны жүзеге асыру оңай емес, бірақ біз жұмыс істеп жатырмыз және аяғына дейін жеткіземіз", - деп мәлімдеген.

Оның айтуынша, билік жекелеген саясаткерлердің емес, халық мүддесі үшін жұмыс істеуі керек.

"Көпшілігі жекелеген саясаткерлер басқаратын топтардың абыройы асқанын қалайтынын білемін, бірақ мен оған жол бермеймін. Елде парламенттік демократияны дамытуға бар күшімді саламын, біздің болашағымыз соған байланысты", - дейді президент.

Жээнбеков "Сәуір төңкерісінің" батырларын қырғызстандықтар ешқашан ұмытпайтынын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
2
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір