RU
28 жастағы әйел бүйрегін білдіртпей сатып жіберген күйеуінің масқарасын шығарды
Жаңалықтар Әлемде

28 жастағы әйел бүйрегін білдіртпей сатып жіберген күйеуінің масқарасын шығарды

Рассказать Вконтакте

Үндістандағы Батыс Бенгалия штатының тұрғыны, 28 жастағы Рита Сакар күйеуінің сорақы қылығы жайлы айтып берді. Ер адам әйеліне жалған ота жасатып, оның бүйрегін сатып жіберген деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Екі жыл бұрын іші ауырғаннан кейін Рита Саркарды күйеуі Калькутта ауруханаcына жеткізген. Дәрігерлер аппендицит диагнозын қойып, оған дереу ота жасауға кірісті. Оқиғадан кейін күйеуі әйеліне операция жайлы ешкімге айтпауын сұраған. Ештенеден күдіктенбеген Рита мән бермей келісе салады.

Алайда, уақыт өте Ританы қатты іш ауруы мазалай бастайды. Туыстары оны дәрігерлерге қаратуға апарғанда, әйелдің бір-ақ бүйрегі ғана бар екені анықталады.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

28 жастағы әйел полиция бөліміне барып, күйеу жасатқызған жалған отасы нәтижесінде оның бүйрегін кесіп алып сатып жібергенін хабарлады. Оның айтуынша, 12 жыл бойы Бисважит әйеліне "жасауының" аз болғанын айтып өткен.

Бүйректі сату арқылы есесін қайтарып алмақ болса керек деп ойлайды Рита.

Тәртіп сақшылары Бисважит пен оның ағасы Шамалды тұтқындады. Олар бүйректі сатып жібергендерін мойындады. Алайда отаның әйел рұқсатымен жасалғанын айтты. Бұл мәліметтің шынайылығы тергеу барысында анықталмақ.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
3
0
3
3
5
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір