RU
Анасы туралы жазған отандық танымал әнші көпшілікті тәнті етті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Анасы туралы жазған отандық танымал әнші көпшілікті тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кино-картиналар мен телехикаяларда төбе көрсетіп жүрген актер, "Ochooou" лақап атымен танылған әнші Олжас Абай интернатта оқып жүргенде басынан өткен оқиғасын жазып, оқырмандарына ой салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Анасы туралы жазған отандық танымал әнші көпшілікті тәнті етті

Анасы туралы жазған отандық танымал әнші көпшілікті тәнті етті

Олжас өзінің әсерлі әңгімесін әдемі естеліктерден бастаған.

"Бесінші класс болса керек... сыныптастармен стадионда футбол ойнап жүргенбіз, бір сынып төмен оқитын бала жүгіріп келіп: "мамаңды көрдім, интернаттың арғы жақ көшесінен жоғары көтеріліп бара жатыр жаяу", - деді...

Дереу ойыннан шығып, мыңмен айтқан жағына жүгіре жөнелдім. Интернатта анаңды аптасына бір көру - ол үлкен бақыт.

"Қалай маған кірмей, мені көрмей анашым басқа жақа кетіп бара жатыр", - деп жүгіп бара жатып ойланып барам. Бір уақытта көшеге жеттім көз салып қарасам үш жүз метрдей жерде анашым үстінде жасыл стеганкасы бар кетіп бара жатыр екен... "мама, мама" деп айқайлап одан бетер жүгірдім

Ырсылдап, ентігіп "мамалап", көзім жасқа толып, жақындаған сайын ақ жүзін елестетіп жүгіре бердім. Он метр қалғанда "мама" деп айғай салдым, сол кезде анашым маған қарай бұрылды...

Мен де шекемнен аққан терді сүртіп, енді сыбырмен "мама" дедім де қарап қалдым. Дұрыстап көз салсам, шашын төбесінен түйген орыстың әйелі екен, маманың сырт киімінен аумайтын киім киіп алыпты.

Сасып қалдым да, не істерімді білмей одан қаттырақ "мамааааа" деп ары қарай жүгіре жөнелдім.. Орыстың əйелі "странно дегендей" сыңай танытты.

Ал мен ары қарай екі көше айналып, екі көзім жасқа толып, қайта футболды жалғастыра кеттім. Айтайын дегенім, анашыңды құрметте. Бағасын біл./2005жыл", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушыларының кейбірі қызық оқиғаға күліп алса, енді бірі анасы деп ойлаған әйелдің артынан жүгірген әншінің жазбасына тамсанған.

Айта кетерлігі, оқырмандардың арасында көзіне жас алғанын жазғандар да бар.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
3
1
1
0
15
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір