Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік келіншекті танысы аяусыз азаптап, өлтіріп кетті

Опубликовано:

Ақтөбеде көпқабатты үйдің кіреберісінен 32 жастағы әйелдің аяусыз азапталған денесі табылды деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбелік келіншекті танысы аяусыз азаптап, өлтіріп кетті. Фото: Актобе Таймс
Ақтөбелік келіншекті танысы аяусыз азаптап, өлтіріп кетті. Фото: Актобе Таймс: UGC

Жақындарының сөзінше оны өте ауыр хәлде үйге кіреберіс жерден тапқан. Аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген келіншек көп өтпей қаза болыпты.

Екатеринаны өзінің таныс ер адамы аяусыз азаптаған.

«Оны аямай ұрған. Үстіне секіріп қабырғасын сындырған. Зорлағысы келген екен. Қазір ол адамды ұстады. Ер кісі қылмысын мойындады», - дейді туысы.

Полицейлер қылмыстық іс қозғаған. Алайда қылмыскер адам өлтіргені үшін емес, денсаулыққа қасақана қастандық жасағаны үшін жазаланбақ.

Белгілісі, ер адам да 32 жаста. Құрылыста жұмыс істеген.

Айта кетейік, марқұмның артында 13 жасар ұлы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1725388-aktbelik-kelinsekti-tanysy-aausyz-azaptap-ltirip-ketti/

pixel