RU
Батырхан Шүкенов атындағы республикалық әншілер конкурсы өтеді
Жаңалықтар Пресс-релизы

Батырхан Шүкенов атындағы республикалық әншілер конкурсы өтеді

Рассказать Вконтакте

Мамырдың 16-18-і күндері аралығында Қызылордада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған «Отан-Ана» ІІ республикалық әншілер конкурсы өтеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Батырхан Шүкенов. Фото: 365Info

Батырхан Шүкенов. Фото: 365Info

Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорданың 200 жылдығына тұспа-тұс келген бұл байқауды Қызылорда облысы әкімдігі қолдап отыр.

Республикалық байқауға 18-30 жас аралығындағы әншілер қатыса алады. Қатысушылардың өнер көрсету реттілігі алдын-ала жеребе таңдау арқылы анықталады. Байқаудың басты ерекшелігі әншілерге минусовкада бэк-вокалды қолдануға рұқсат берілмейді. Конкурстың бірінші кезеңінде талапкер еркін тақырыптағы әнді фонограммамен (минус-1) орындаса, ІІ кезеңде Б.Шүкеновтің әнін инструменталды ансамбльдің сүйемелдеуімен айтуы тиіс. Қатысушылардың өнерін бағалайтын қазылар алқасының құрамында белгілі кәсіби музыканттар, композиторлар, өңдеушілер мен мәдениет және өнер қайраткерлері болады. Ресейден танымал музыканттар мен белгілі тұлғалар арнайы қонаққа келмек.

Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін Алматы қаласындағы «Таңдау» продюсерлік орталығы мен Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығына жіберу керек.

Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі, 78. Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, 8/7242/ 27-76-33, 27-26-56, + 7 705 863 80 70, +7 702 9141434, email: zhdclub@mail.ru

«Таңдау» продюсерлік орталығы, тел: 8(7273 ) 78-91-04, +7 701 949 19 33, +7 778 435 73 02 email: otan_ana_2018@mail.ru

18-мамыр конкурс талапкерлерінің қатысуымен ашық аспан астында Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған Гала-концерт болады. Дәл осы күні Батырхан Шүкеновтің ескерткіші қойылып, ас беріледі. Сонымен қатар, өнерпаздар тал отырғызып, қаланы көгалдандыру жұмыстарына атсалысады. Байқау тұңғыш рет 2016 жылы өтіп, оған 27 өнерпаз қатысқан еді.

Қосымша ақпарат үшін мына байланыс нөмірлеріне хабарлассаңыз болады: Гүлназ + 7 707 345 64 91, Жанар +7 707 819 33 99

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel