RU
"Kesh You" қыздары экс-әріптестерінің қылығын қайталамауға уәде берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Kesh You" қыздары экс-әріптестерінің қылығын қайталамауға уәде берді

Рассказать Вконтакте

Баян Алагөзова басқаратын «Kesh You» тобын осы уақытқа дейін халық талай мәрте сынға түскені белгілі. NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген арулар экс-әріптестерінің ісін қайталамауға уәде берді.

"Kesh You". Фото: NUR.KZ

"Kesh You" қыздары экс-әріптестерінің қылығын қайталамауға уәде берді

«Көбісі келісімшартты бітірмей кетіп жатады ғой. Баян Мақсатқызын көбісі ренжітіп қояды. Басқалардың ізімен кетпей, Баян Мақсатқызының еңбегін ақтап, жазған келісімшартты аяқтап кеткім келеді. Бірақ кім біледі? Ертең не болатынын білмеймін ғой. Ойым сондай. Адам сияқты, рахметімді айтып кеткім келеді», - дейді Элизат Берікова.

"Kesh You". Фото: NUR.KZ

"Kesh You". Фото: NUR.KZ

«Басында ойлайтынмын. Мен тура 27 жасымда тұрмысқа шығамын деп. Қазір енді олай айта алмайсың. Бәрі бір Алланың қолында. Қалай болып жатар, солай болады. Бірақ Элизат айтып кеткендей Баян Мақсатқызын, Бағым Мақсатқызын ұятқа қалдырғымыз келмейді», - дейді Назым Әбілдина.

"Kesh You". Фото: NUR.KZ

"Kesh You". Фото: NUR.KZ

«Әзірге мақсатымыз есікті қатты жауап кетпеу. Осылай шыққанымыз продюсерлердің арқасы болғандықтан, ол кісілерді сыйлап, құрметтеп, барынша ренжітпеуге тырысамыз. Әр қыз баланың мақсаты отбасы құру. Ана болу. Қыз бала екенмін деп, бір жерде тығылып қалмайсың. Әр адам өз мақсатына, арманына жету керек. Алланың қалауымен, бір күні бізде бір үйдің келіні боламыз деп ойлаймын», - дейді Балжан Бидаш.

Балжанның болашағына алаңдаған анасы бұл тақырыпты жиі қозғағанымен, әкесі жалғыз қызын «жат жұртқа» қимай жүрсе керек.

«Мен әкемнің қызымын. Әкем менің кішкене қимайтын шығар. Ондай тақырып айтпайды. Анам тұрмысқа шығу жайлы тақырыпты бастаса, әкем ондай тақырыпты айта деп, жауып тастайды. Мен үйдің кішкентай еркесі әрі жалғыз қыз болғандықтан ба, оларға қиындау болар. Мен өзімді әлі кішкентай сезінемін», - дейді Балжан.

Ал, Элизаттың ет-жақындары әнші қыздың күнде құлақ етін жейтін көрінеді.

"Kesh You". Фото: NUR.KZ

"Kesh You". Фото: NUR.KZ

«Үйде әжеміз айтып жатады: «Қызым-ау, қашан тұрмысқа шығасың? Сенің тойың барғымыз келеді» - деп. Көбінесе туысқандарымыз айтып жатады. Бірақ ол кісілер біледі ғой, келісімшарт бар екенін. Келісімшартпен жұмыс істейтінімізді. «Сенің келісімшартың қашан бітеді? Қашан тойға келеміз?» деп күнде айтады», - дейді Элизат.

Топ кенжесі Назым Әбілдинаның отбасында жеке өмір туралы тақырып мүлде талқыға түспейтін көрінеді. 18 жастан енді асқан арудың ақ келін атану әзірге жоспарында жоқ! Айта кетейік, атышулы ұжымдағы әншілердің сөзіне сенсек, ««KeshYOU» гелзбендіндегі қыздар мен Баян Мақсатқызының арасындағы келісімшарт 2021 жылға дейін жарамды екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
1
1
1
5
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel