Жұмыс орнында ішіп алған дәрігер емделушілердің ашуын тудырды (видео)
Татарстанда жұмыс орнында ішімдік ішіп алған дәрігер ауруханаға келген емделушілердің ашуын тудырды деп хабарлайды RT сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жұмыс орнында ішіп алған дәрігер емделушілердің ашуын тудырды (видео)
Желіде тарап кеткен видеода реаниматолог дәрігерді мас күйінде жұмыс орнында отырғанын көруге болады.
Емделушіге оның әрекеті күдікті көрініп, бірнеше сұрақ қойған. Алайда реаниматолог дұрыс жауап бере алмаған.
«Реаниматолог дәрігердің өз орнында зорға отырғанын көріп тұрсыздар. Сіз ішіп алғансыз ба? Әлде ұйқылы-ояусыз ба?» - дейді әйел.
Айта кетейік, осы оқиғадан соң дәрігер қызметінен қуылған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
4
2
2
0
2
2
Тағы да оқыңыздар
Пікір