RU
Елбасының сынынан соң Исекешов Астананың бірнеше нысанына тексеру жасады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елбасының сынынан соң Исекешов Астананың бірнеше нысанына тексеру жасады

Рассказать Вконтакте

Астананың әкімі Әсет Исекешов елбасы сынынан соң, елорданың бірнеше нысанына тексеру жұмыстарын жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Елбасының сынынан соң Исекешов Астананың бірнеше нысанына тексеру жасады. Фото: Nur.kz

Елбасының сынынан соң Исекешов Астананың бірнеше нысанына тексеру жасады. Фото: Nur.kz

Бұл жайында Астана әкімінің ресми сайты мәлімдеді.

Жұмыс барысында Исекешов оқу-жаттығулар өткен «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығындағы өрт қауіпсіздігімен қамту шараларымен танысып, "Көктал 1" тұрғын үй алабында орналасқан құрылыс базарын ретке келтіруді тапсырған.

Әр бағыт бойынша нақты шаралар жоспары әзірленген. Жоспарда еліміздің экологиялық заңына өзгерістерді енгізу бойынша ұсыныстарды дайындау, өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша жедел әрекет ету, белгіленбеген жерлердегі қоқыс үйінділерін жою шараларын жүргізу қарастарылды.

Бұдан бөлек, қала жетекшілігі газдандыру, лифт шаруашылығы, көлік тұрақтары аумақтары мен көлік жүйесін дамыту жобаларын, сондай-ақ, көне және апатты үйлерге қатысты жобаларды жүзеге асыратын жұмыс топтарын құрды.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Астананың 20 жылдығына орай жиын өткізген мемлекет басшысы қаланы абаттандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
3
0
1
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel