RU
Ақтөбеде қырғызстандық көлікке неліктен оқ жаудырғаны белгілі болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде қырғызстандық көлікке неліктен оқ жаудырғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе полицейлері қырғызстандық шағын автобусқа жасалған қастандық жайлы мәлімет берді деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбеде қырғызстандық көлікке неліктен оқ жаудырғаны белгілі болды

Ақтөбеде қырғызстандық көлікке неліктен оқ жаудырғаны белгілі болды

Сәуірдің 6-на қараған түні болған оқыс оқиға Ақтөбенің тас жолдарының бірінде орын алған.

Қырғызстан азаматы өз үйіне қайтып бара жатқан жерінен, қастандыққа ұшырады.

Жолда көлігі бұзылған азамат, керекті бөлшекті алуға кетеді. Ал қайта оралғанда, көлікке оқ атылғанын байқаған. Сондай-ақ темір тұлпардың ішінде қалған жолаушының бірі жарақат алған болып шықты.

«Солтүстік айналымда белгісіз біреулер қырғызстандық көлікке шабуыл жасаған. Олар ақша мен алтын бұйымдарды үптеп кеткен», - деп хабарлады полицейлер.

Қазір ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының басталғанын мәлімдеді. Ал жараланған жолаушы ауруханаға жеткізіліп, қажетті ем алуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
7
2
15
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel