RU
Ауа райы болжамы: Еліміздің кейбір аймақтарында үсік жүреді
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы болжамы: Еліміздің кейбір аймақтарында үсік жүреді

Рассказать Вконтакте

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы

Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, жел күшейеді, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, жел, шаңды дауыл болады, түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Алматы облысының кей жерінде найзағай, бұршақ түсуі мүмкін, жел күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел күшейіп, тұман түседі.

Маңғыстау облысында тұман, Атырау облысында желдің күшеюі болжанып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір