RU
Оңтүстік Кореяның жемқор президенті 24 жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Оңтүстік Кореяның жемқор президенті 24 жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хеге 18 млрд. вон айыппұл салынып, сырттай 24 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды деп хабарлайды QazaqTimes.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оңтүстік Кореяның жемқор президенті 24 жылға сотталып кетті

Оңтүстік Кореяның жемқор президенті 24 жылға сотталып кетті
Source: UGC

Сот Пак Кын Хенің мойнына ілінген мемлекеттік құпияны жариялау, бопсалау, пара алу және қызметін асыра пайдалану сынды бірқатар айыптаулар негізінде өткен. Алайда, оңтүстіккореялық бұрынғы президент бұлардың барлығын жоққа шығаруда.

Оңтүстік Корея прокуратурасы 66 жастағы экс-президентті 30 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған.

Пак Кын Хеге қатысты жемқорлыққа байланысты дау 2016 жылы басталған еді. Тергеу нәтижелері бойынша, Пак Кын Хенің жақын құрбысы Чхве Сун Силь экс-президентпен арадағы достығын пайдалана отырып, Samsung және Lotte сияқты ірі корпорациялардан ақша бопсалаған.

2016 жылдың соңында Корея парламенті Пак Кын Хені сотқа тартып, 2017 жылдың сәуірінде оған айыптаулар тағылды.

Ал оның құрбысы Чхве Сун Силь 2018 жылдың ақпан айында 20 жылға жемқорлық пен мемлекеттік істерге араласты деген айыптаулармен бас бостандығынан айырылған. Ол сонымен қатар 16.6 млн. доллар айыппұл төлеуге міндеттелген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
1
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel