RU
Павлодарда белгісіз біреулер шіркеуді өртеп жібермек болған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодарда белгісіз біреулер шіркеуді өртеп жібермек болған

Рассказать Вконтакте

Павлодарда белгісіз біреулер Благовещенск соборының есігін өртеп жіберді. Қазіргі уақытта ақылға қонымсыз әрекет еткендерді ішкі істер органдары іздеп жатыр деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодарда белгісіз біреулер шіркеуді өртеп жібермек болған

Павлодарда белгісіз біреулер шіркеуді өртеп жібермек болған

Собор қызметкері Алексей Степановтың айтуынша, шіркеудің күзетшісі түнгі уақытта аумақты тексерген кезде бәрі тыныш болған.

«Өртеу белгілерін Пасха мерекесіне орай ұйымдастырылған қызмет ету барысында байқадық. Белгісіз азамат есіктің астына қағаз салып, жандырған. Ағаш есік аздап өртенген, дегенмен көлемді материалдық шығын келтірген жоқ. Әзірге кім жасағанын айта алмаймын, себебі храм электр энергиясынан ажыратылған болатын. Бейнебақылау камералары да сөндірулі болды», - дейді Алексей Степанов.

Діни қызметкерлердің айтуынша, оқыс оқиғаға қарамастан, мерекелік қызмет ету тиісті деңгейді өтті.

Жергілікті полиция қызметі белгісіз вандалды табу үшін соборға жақын маңда орналасқан «Сарыарқа» қонақүйі және Естай атындағы мәдениет сарайының бейнебақылау камераларының жазбаларын тиянақты зерттемек.

Десе де, шіркеу қызметкерлерінің пайымдауынша, храмның жарықсыз қалуы мен өртеу әрекетінің арасында байланыс болуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір