RU
"Қазақ қызын мазақ етеді": Асхат Садырбай сұлулық байқауларын сынға алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қазақ қызын мазақ етеді": Асхат Садырбай сұлулық байқауларын сынға алды

Рассказать Вконтакте

Танымал тележүргізуші, бірнеше жобалардың авторы, "Түнгі студия" бағдарламасының продюсері Асхат Садырбай еліміздегі сан түрлі сұлулық байқауының ұйымдастырушыларын сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Асхат Садырбай

Асхат Садырбай
Source: UGC

"Қазақтың қыздарының бәрі әдемі, оларды сайыстырудың қажеті жоқ" дегенді тілге тиек еткен журналист өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырған.

"Қыздардың бетінің әдемілігіне арналған сайыстарды өткізіп болсақ енді олардың ақылын, имандылығын, ибалылығын, тәрбиесін, көргені мен түйгенін, ілім-білімін жарыстыратын уақыт жеткен жоқ па?

Жыл сайын сұлуларды жылтыратып саxнаға тізіп қоямыз, одан біреуі жеңеді, біреуі жеңіледі. Ол пенделерге кітап туралы сұрақ қойып әбден тентек қылады. Одан қалса түрлі бағдарламаларға шақырып алып мазақ етеді.

Сонда бұл не? Кім үшін, не үшін жасалып жатқан нәрсе? Өзіміздің жастарды құртып жатқан өзіміз емес пе? Ол жастардың оқуға ынтасын ашып, қызықтырудың орнына ел алдына шығарып масқара қылу, одан шоу жасап, рейтинг жинау жетістік пе?

Қыз деген қасиетті ұғымды, оның өмірдегі орны мен рөлін насиxаттаудың орнына әдеп кеп арзан жылтырақ пен болашағы бұлыңғыр танымалдылыққа несіне қызықтыра береміз? Бұл түрімізбен ілгерілеп дамимыз ба әлде к*тімізден кері кетеміз бе?

Әлемдегі ең әдемі қыздар қазақтың қыздары. Нүкте. Оны бәрі мойындап қойған.

Жыл сайын олардың сұлулығын сайыстыра берудің пайдасынан зияны. Сайыстыруды доғарайық. Енді әлемдегі ең ақылды әрі өнертапқыш, білімді жастар қазақтың жастары деген атаққа ие бола берейікші", - деп жазады Асхат мырза

Бұл жазба тележүргізушінің оқырмандары арасында қызу талқыға түскен.

Өз пікірін білдірген 200-ден аса адамның басым бөлігі Асхат Садырбаймен толықтай келісетіндерін жарыса жазыпты.

Сіздің реакцияңыз
3
3
4
4
5
142
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel