Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ашылған ауданның су жаңа әкімі халыққа үндеу жолдады

Опубликовано:

Астананың жаңа "Байқоңыр" ауданының әкімі Ерлан Каналимов тұрғындарды ауданның даму бағдарламасын құрастыруға белсенді атсалысуға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Асанада ашылған ауданның су жаңк әкімі халыққа үндеу жариялады
Асанада ашылған ауданның су жаңк әкімі халыққа үндеу жариялады: UGC

Бұл туралы әкім өзінің Facebook парақшасында жариялаған.

"Құрметті «Байқоңыр» ауданының тұрғындары! Ауданымыздың даму бағдарламасын құрастыру үшін Сіздерге белсенді түрде ат салысуыңызды ұсынамын.

Осы жарияланып отырған мәтіннің астына өздеріңіздің ауданды жақсарту бойынша ұсыныстарыңызды жаза отырып, мәселенің түсінікті болуын, нақты ұсыныстардың енгізілуін және мүмкіндігіңізше кері байланысқа қажетті ақпаратты немесе электронды поштаңызды қалдыруыңызды өтінемін. Ұсыныстар үстіміздегі жылдың 25-ші сәуіріне дейін жиналатын болады.

Бірлесе отыра ауданымызда өмір сүру жағдайларын жақсартып және оны одан да жайлы ете аламыз!

Сіздің көмегіңіз бен креативті ойларыңызға зор үмітім бар!, - деп жазады Ерлан мырза.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725466-astanada-asylgan-audanny-su-zaa-kimi-halykka-ndeu-zoldady/

pixel