RU
Баян Алагөзова өзіне "көп ырбаңдайсың" дегендерге жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Алагөзова өзіне "көп ырбаңдайсың" дегендерге жауап берді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық атышулы продюсер Баян Алагөзова өзін "Жасыңа сай болып, ырбаңдама" дегендерге жауап берді. Ол өзінің әлі де жас екенін айтып, ақыл тоқтататын кез келмегенін алға тартты деп хабарлайды NUR.KZ.

Баян Алагөзова

Баян Алагөзова

Өзінің Instagram парақшасында кезекті жазбасын жариялап, елдің талқысына түскен Баян Мақсатқызы 46 жастан кейін ғана "ес жиятынын" айтты.

"Жақында заманауи психологиядан жастық шақтың 45-46 жаста аяқталатынын оқып білдім. Тек содан кейін ғана адам егде тарта бастайды екен. Сондықтан, достар, маған «Баян жасыңа сай болмайсың ба, ырбыңдамай», - деп жаза берудің қажеті жоқ.
Менің жастығым біткен жоқ және ақыл тоқтатуға әлі ерте. Менің жасымдағы барлық "апашкаларға" берілмеуге кеңес беремін, ал негізі өздеріңізді мен сияқты жас қыздарша сезініңіздер", - деп жазады продюсер.

Мұны оқыған желі қолданушыларының пікірі әдеттегідей екіге жарылды.

Олардың біразы Баян ханымды қолдаса, енді бірі керісінше, өз жасына сай болу керектігін тағы да ескертті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
83
3
7
7
7
44
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір