Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда бейіт басында жайылып жүрген жылқылардың иесі жазаланды

Опубликовано:

Қостанай әкімдігі ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің қызметкерлері әуежай жанындағы жылқылар жайылып жүрген бейіт басын тексеріп, төрт түлік малдың иесін жауапкершілікке тартты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанай

Қала тұрғындары жыл бойы бейіт басында жылқылардың жайылып жүргеніне шағымданған.

Бейіттегі тәртіпті қадағалайтын "Стикс 2012" ЖШС де бұл мәселеден баяғыдан бері құлағдар екен. ЖШС қызметкерлері көрші ферманың иелеріне ескерту жасағанымен, жылқылар бейіт басында жайылып жүре беріпті.

ТКШ бөлімі хабарлағандай, күзету қызметі жоқ екен.

Жергілікті басылымның сауалына жауап ретінде бейіт тексеріліп, жылқының иесі табылды.

Қостанай әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Арман Ахметқалидің мәліметінше, тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Оған 72 150 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725475-kostanajda-bejit-basynda-zajylyp-zrgen-zylkylardy-iesi-zazalandy/

pixel