RU

Жанды дауыста ән салған отандық жас әнші жұртты таңдай қақтырды (видео)

"I am singer" байқауының финалисі, жас әрі талантты әнші, актер Ерден Жақсыбек француз әнін жанды дауыста орындап, тыңдармандарын таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ерден
Ерден Жақсыбек: UGC

Алматыдағы Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етіп жүрген әнші Театр күніне орай қойылған концерттен видео жариялаған.

Онда Ерден сахнадағы әріптестерімен бірге атақты "Нотр-Дам де Пари" мюзиклынан үзінді орындайды.

"Belle Quasimodo: Руслан Аxметов, Frollo: Шыңғыс Жаңабай, Phoebus: Ерден Жақсыбек.

Ғ.Мүсірепов театрының актерлерінен Театр күніне арналған концерттік бағдарламадан керемет естелік үзінді!

Әнші емес актер ретінде қараңыздар, теxникалық ақаулар және қобалжу болды әрине", - деп жазады Ерден.

Әншінің жанды дауыстағы орындауын көрген Айқын және Қайрат Түнтеков сынды әріптестері де видеоға пікір қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1725481-zandy-dauysta-n-salgan-otandyk-zas-nsi-zrtty-tadaj-kaktyrdy-video.html