RU

Алматыдағы сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты

Алматы қаласындағы "Domillion" сауда ойын-сауық орталығында өрт шығып, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері оқиға орнынан 60 адам қауіпсісіз жерге көшірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото желіден алынды
Фото желіден алынды: UGC

"Алатау ауданы Рысқұлов даңғылы 143 «В» мекенжайы бойынша орналасқан "Domillion" сауда ойын-сауық орталығында өрт тұтанғаны туралы хабар сағат 14-34 кезінде түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минуттан соң, сағат 14-42-де жетті.

Кейінірек белгілі болғандай, ғимараттағы кабельдердің бірінде қысқа тұйықталу болған соң, ол жерден өрт шығып, 0,2 шаршы метр аумақ өртке оранған", - деп мәлім етті Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Айта кету керек, оқыс оқиға кезінде өрт сөндірушілер 60 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Олардың оны балалар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1725487-almatydagy-sauda-ojyn-sauyk-ortalygynan-rt-sykty.html