RU

"Канело түкке тұрмайды": Головкин өтпей қалған жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) 5 мамырда Лас Вегастағы MGM Grand аренасында өтетін жекпе-жекке дайындалып жүргенін айтып берді. Ал көпті шулатып, болмай қалған Канеломен жекпе-жегі туралы сөз қозғағысы келмейтінін жеткізді деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото: express.co.uk
Фото: express.co.uk: UGC
"Канело кінәлі ме? Өтінемін бұл туралы ұмытыңыздар. Канело түкке тұрғысыз, ал мен кәсіби боксшымын. Мен өзімнің жұмысымды білемін және 5 мамыр күні Лас-Вегаста кез келген адаммен жұдырықтасуға дайынмын", - деді GGG.

Еске сала кетейік, Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтуі керек еді.

Алайда Альварес екі допинг-тесттен өте алмай, жекпе-жектен ресми түрде бас тартты. Оның ісіне қатысты сот тыңдалымы 18 сәуірде өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1725491-kanelo-tkke-trmajdy-golovkin-tpej-kalgan-zekpe-zekke-katysty-pikir-bildirdi.html