RU

Мұрынсыз әйел өзінің ең қатты қиналатын сәтімен бөлісті (фото)

Ұлыбритания тұрғыны Джейн Хардманға дәрігерлер аутоиммундіқ, өмірге аса қауіпті дертке шалдыққанын айтқан. Осыдан кейін ақ халаттылар оның мұрнын кесіп тастауға мәжбүр болған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Джейн итімен ойнап отырып, мұрнымен иттің тұмсығына мұрнын соғып алады. Осыдан кейін ол қатты қанап, дәрігерге қаралған. Ал мамандар оған жай ғана мұз басып жатса жағдайы жақсаратынын айтыпты.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Алайда алты ай уақыт өтсе де, мұрнының ісігі қайтпаған әйел басқа дәрігерге көрінейін деп шешкен. Көп ұзамай Джейннің Вегенер гранулематоз дертіне шалдыққаны анықталады. Ол дәм мен иісті мүлдем сезбей қалыпты.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

"Дәрігерлер маған осы диагнозды қойғанда, "итіңіз өміріңізді құтқарып қалды" деп айтты. Ең жаманы мұрнымды кесіп тастаған соң, адамдар маған үңіліп қарайтын болды. Алайда күйеуім үнемі қолдап отырды", - дейді Джейн Хардма.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Қазір 48 жастағы әйелдің өзгелерден айыру қиын. Ол өзіне жасанды мұрын салдырып алыпты.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

"Мен үшін енді ең қиыны - түшкіру. Ол үшін мұрнымды ұстап тұруым керек. Бірде оны ұмытып кетіп, үлкен жиында жанымда отырған баламның аяғына мұрным ұшып кеткен", - дейді ол.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1725493-mrynsyz-jel-zini-e-katty-kinalatyn-stimen-blisti-foto.html