Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жағажайда жүрген 9 жасар бала футбол ойнап мерт болды (фото)

Опубликовано:

Тоғыз жасар Кай испандық Кала Боска жағажайында достарымен доп теуіп жүрген. Алайда балалардың бірі жүгіріп келіп, оның жүрек тұсына соқтығысады. Нәтижесінде ол бірден есінен танып қалған деп хабарлайды Life.Ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Оқиға куәгерлері бірден жедел-жәрдем шақырғанымен, оларға көмек 40 минуттан соң келіпті. Ақ халаттылар келген соң баланы бірден ауруханаға алып кетеді.

Дәрігерлер тәулік бойы Кайдың өмірін аман алып қалу үшін күрескенімен, одан түк шықпайды. Ол есін жимастан, аурухана бөлмесінде мерт болыпты.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Қайғылы оқиға болған орынға 60-тан астам адам жиналып, баланың рухына тағзым етті. Сондай-ақ куәгерлер жедел-жәрдем қызметінің өте кеш жеткеніне шағымдарын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1725495-zagazajda-zrgen-9-zasar-bala-futbol-ojnap-mert-boldy-foto/

pixel