RU

Балаларын сабаққа жібергісі келмеген ерлі-зайыпты сотталып кетті

Қырғызстан соты балаларын мектепте оқытудан бас тартқан ерлі-зайыптыны бас бостандығынан айырды деп хабарлайды "Азаттық" радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Knews.kg
Көрнекі фото: Knews.kg: UGC

Ыстықкөл аудандық соты 5 сәуірде Азаттықтың Қырғыз редакциясына жергілікті тұрғындар - әйелі мен ерін кәмелетке толмаған балаларын мектепке жібермей қойды деп айыптап, әрқайсысына екі жыл бас бостандығынан айыру жазасына кескенін хабарлады.

Сот үкімі бойынша, ерлі-зайыптылар жазасын қоныс колониясында өтейді.

Әйелі мен ері Қырғызстанда тыйым салынған "Йакын инкар" исламшыл діни ұйымының мүшелері саналады. Сотталушылардың аты-жөні айтылмайды.

Ері сот залында қамауға алынды, ал әйелдің жазасын өтеуі баласы 14 жасқа толатын мерзімге дейін ысырылды.

Мұсылмандар басым тұратын, үкімет негізгі діни бағытқа сай келмейтін діни сенім мен оны ұстануға сақтықпен қарайтын Қырғызстанда "Йакын инкар" тобын былтыр маусымда сот экстремистік ұйым деп таныған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1725505-balalaryn-sabakka-zibergisi-kelmegen-erli-zajypty-sottalyp-ketti.html