Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 секунд ішінде оқушысын сегіз рет ұрған ұстаз жұрттың ашуын келтірді (видео)

Опубликовано:

Желіде қатал мұғалімнің 15 секунд ішінде шәкіртін сегіз рет жұдырықтап тастаған видеосы тарап кетті. Оқиға Қытайдағы Цяньань тәжірибелік орта мектебінде орын алған. Сыныпта отырған оқушылардың бірі оны білдірместен телефонына түсірген деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан скриншот
Видеодан скриншот: UGC

Мұғалім әрбір соққысынан кейін оқушыдан "түсіндің бе?" деп сұрайды. Ал жасөспірім оған "иә" деп жауап берген. Шәкірттің қандай себеппен жазаланып жатқаны белгісіз.

Желіде тараған видеоны қазірдің өзінде миллионнан астам адам көріп, жарыса пікір қалдыруда. Олар мұғалімнің ерсіз әрекетіне ашуланып, ол үшін жауапқа тарту керектігін айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1725506-15-sekund-isinde-okusysyn-segiz-ret-rgan-staz-zrtty-asuyn-keltirdi-video/

pixel