RU
Желіде Димаш Құдайбергеннің отаға түсіп қалғаны туралы ақпарат тарап кетті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Желіде Димаш Құдайбергеннің отаға түсіп қалғаны туралы ақпарат тарап кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Қытай елінде концерт беріп жүрген Димаш Құдайбергеннің ресми фан-клуб сайты әншінің денсаулығына қатысты ақпарат таратты. Фан-клубтың Instagram желісіндегі парақшасында Димаштың отаға түсіп қалғаны хабарланған деп жазады NUR.KZ.

Фан-клубтың ресми парақшасы әншінің музыкалық продюсері Yizhe Tan Вейбоға арнап айтқан сөзінен үзінді келтірген.

"Азғантай демалыстан кейін Димаш Қытайға қайта оралуға дайын. Сенің Singer байқауының финалында өнер көрсететін кезіңді асыға күтудеміз. Жаңа ән! Жаңа қойылымдар! 10 мың көрерменге арналып ұйымдастырылып жатқан Шеньженжегі керемет концерт! Сахна дизайны жөнінен тарихта болмаған дүние ұйымдастырып, рекорд жасамақпыз!", - делінген хабарламада.

Димашқа нақты қандай ота жасалғаны туралы толыққанды ақпарат жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
0
12
0
7
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel