RU
Шымкентте экс-шенеуніктен зорлық көрдім деген келіншек көпшіліктен көмек сұрап отыр
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте экс-шенеуніктен зорлық көрдім деген келіншек көпшіліктен көмек сұрап отыр

Рассказать Вконтакте

17 жасымда шымкенттік бұрынғы шенеунік зорлады деп жанайқайын жеткізген келіншек науқас қызын емдету үшін көпшіліктен көмек сұрайды, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: santacatarina24horas.com

Көрнекі фото: santacatarina24horas.com

Кәмелет жасына толмай тұрып бұрынғы шенеуніктен зорлық көрдім деген 27 жастағы келіншек ол кісіден жүкті болған соң тоқалы атанып, екі баланы дүниеге әкелгенін өткен жылдың соңында отандық БАҚ-қа берген сұхбатында айтқан болатын.

Экс-шенеуніктің бәйбішесі соңғы үш жылдан бері тыныштық бермей келеді деген екi баланың анасы жұрттан араша сұрап еді.

Жан тыныштығын іздеп Шымкенттен Алматыға келген жалғызбасты әйел науқас қызын емдету үшін көпшіліктен көмек сұрап отыр. Бұл туралы ол желі парақшасында жазды.

"Менің есімі Әлия Байділдаева. Мен екі баланың жалғызбасты анасымын. Үлкен қызым Гүлжан Өмірзаққызы Әметке көмек берулеріңізді сұраймын. Оған шұғыл түрде ем қабылдау қажет. Диагнозы: Микроцифалия, ДЦП, ауыр дәрежедегі спастикалық тетрапарез, генерализацияланған ұстамалары бар симптоматикалық эпилепсия. Жасы 8-де. Қаржының жоқтығына байланысты Гүлжан соңғы үш жылдан бері ем қабылдап жатқан жоқ. Емнің бұл түрі өте қымбат.
Ұстамасы басталып, баланың жағдайы нашарлап кетті. Мен кез келген ана секілді өз перзентімнің өмірі үшін күресемін және үмітімді үзбеймін. Күн сайын өзге балалар секілді менің де балам сауығып кетсінші деп дұға етемін. Теріс айналып өтпеңіздерші, өтінемін. Мейірімді жандар, сіздерден көмек күтемін. Бұл жазбамды бөлісулеріңізді сұраймын. Мейірім өзімізден басталады. Барлық бала дені сау әрі бақытты болуға тиіс", - деп жанайқайын жеткізді Әлия Байділдаева.

Сонымен қатар көмекке мұқтаж жалғыбасты ана қызын бала күнінен емдетіп келгенін тілге тиек еткен. Мәселен, 2013 жылы науқас қыз Түркияның Стамбул қаласындағы "Аджибадем", Қытайдағы "Хуато" клиникаларында толықтай тексеруден өткен. Тіпті құны 220 мың теңге тұратын дәрі қабылдаған.

Түрлі емдом алған соң бүлдіршіннің беті қарап, басын өздігінен ұстай алатын дәрежеге жетіпті. Көру қабілеті де жақсарған. Алайда қазір сырқат қызын емдету үшін екі баланың анасында қаржы жоқ.

Егер сіз науқас бүлдіршінге қандай да бір көмек қолын созамын десеңіз, назарларыңызға төмендегі есепшот нөмірін ұсынамыз:

KIWI әмияны: 8 701 817 8888

Kaspı gold: 5169 4931 2046 6019 Aliya Baidildaeva

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
4
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel