RU
Астанада белгісіз жас жігіт қарт кісіні аяусыз тепкілеп тастады (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада белгісіз жас жігіт қарт кісіні аяусыз тепкілеп тастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Астана аялдамаларының бірінде жас жігіт қарияны аяусыз тепкілеп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Астана. Скриншот: Instagram

Астана. Скриншот: Instagram

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видео жұртшылықтың ашуын тудырды.

Видеодан қоғамдық көлік күтіп отырған қарт кісіні белгісіз азаматтың келіп, бас салғанын көруге болады.

Алайда, видеоны түсіруші де, өзге тұрғындар да көмек қолын созбаған. Тек сырттай бақылаған екен.

«Бүгін Астананың Уәлиханов көшесіндегі аялдамада егде тартқан кісіні ұрып кетті. Қызыл киім киген азамат оқиға орнынан ізін суытып үлгерді. Егер білсеңіздер, ақпарат беріңіздер», - деп жазылды жазбада.

Айта кетейік, желі қолданушылар ешқандай шара қолданбай, бос қарап тұрған адамдарға реніштерін білдірді.

«Елдерге адам өлтіріп жатса да бәрібір», «Жігіт болсаң, шығып көмек көрсетпедің бе?», «Ешқайсысың қарсы шыға алмадыңдар ма?», «Жабылып аяғын сындырмадыңдар ма, мына жігіттің» деп ашуға бой алдырды олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
10
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір