RU
Ақтөбе облысында қарындасын екі жыл бойы зорлаған ер адам сотталды

Ақтөбе облысында қарындасын екі жыл бойы зорлаған ер адам сотталды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының арнайы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында 31 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Ол 14 жастағы қыз баланы зорлады деп айыпталған болатын. Жабық түрде өткен сот отырысында судья оны кінәлі деп тапқан деп хабарлайды Timeskz.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: timeskz.kz

Фото: timeskz.kz

14 жастағы қыз қылмыскердің әйелінің сіңлісі болып келеді. Екі отбасы да Ақтөбе облысына қарасты Мартық ауданындағы елді-мекенде бір шаңырақ астында тұрған.

Зардап шеккен жасөспірім анасының айтуынша, ер адам кішкентай қызды жыныстық қатынасқа бірнеше рет мәжбүрлеген. Ол кішкентай қызды «келіспесең, таңертең оянбай қалуың мүмкін» деп қорқытқан. Сол себепті қыз бала туғандарына айтуға қорқып қалған көрінеді.

Сот үкімі кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адамға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оған қоса ол жасөспірім өкілдеріне 1 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы мен 150 мың теңге материалдық шығын төлеуге міндеттеледі.

Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол істі аппеляцияға беретінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, сот облыстық білім басқармасына да жеке қаулы шығарған.

Тергеу барысында тоғызыншы сынып журналында қыз бала мектепке бармаған күндерінде оның жоқ екені жазылмаған болып шықты. Ол аздай, сабаққа келмеген күндерінде оған тіпті бағалар қойылған.

Сот облыстық білім басқармасына орын алған қателіктерді болашақта жібермеуін талап етті. Сондай-ақ бұл мәселеге байланысты атқарылған жұмыс барысын бір ай көлемінде сот мекемесіне хабарлау керек.

Сіздің реакцияңыз
3
0
3
2
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel