RU
Бөтен ауылдағы ғашығына барған жігітті қыздың жерлестері аяусыз сабап өлтірді
Жаңалықтар Әлемде

Бөтен ауылдағы ғашығына барған жігітті қыздың жерлестері аяусыз сабап өлтірді

Рассказать Вконтакте

30 наурыз күні Қырғызстанның Ош облысына қарасты Ноқат ауданында бойжеткенмен кездесуге барған азамат ауыр соққыдан қайтыс болды. Сол ауылдың жігіттері оны ауылдас қызға келгені үшін сабап тастаған деп хабарлайды kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тәртіп сақшыларының мәліметіне сүйенсек, қайғылы жағдай Бостон ауылында орын алған.

Қазіргі таңда төбелеске қатысы бар бірнеше адам қамалып, жарақат алғандары ауруханаға жеткізілген. Ал қашып үлгергендеріне іздеу жарияланды.

Желіде соққыға жығылып, көз жұмған азаматтың видеосы тарап, елдің қызу талқысына түскен. Оны көрген оқырмандар қатыгездікке барған азаматтарды сөгіп, тиісті түрде жазалануын талап еткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
1
33
16
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel