RU
Олимпиада чемпионы Баландин испаниялықтарды аузына қаратты
Жаңалықтар Қоғам

Олимпиада чемпионы Баландин испаниялықтарды аузына қаратты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин Испаниядағы жүзуден ашық чемпионатында топ жарды деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дмитрий Баландин

Дмитрий Баландин

Отандасымыз 200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде қарсыласын шақ келтірмеген. Бұған қоса Дмитрий Испания чемпионатының рекордын жаңартты.

Сондай-ақ, кеше 50 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин күміс жүлдегер атанды.

Тағы бір спортшымыз Әділ Қасқабай мен Әділбек Мусин 100 метр қашықтықта еркін стильде жүзуден финалға шықты. Ақтық сайыс бүгін өтеді.

Айта кетейік, жүзуден Ұлттық құрамамыз Малагадағы халықаралық жарыста маусымның басты додасы - Азия ойындарына дайындалуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel