Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасқырша ұлиды: Бөрілермен 12 жыл бойы бірге өмір сүрген ер адам кім?

Опубликовано:

Маркос Родригес Пантоха 12 жыл бойы Испаниядағы Кордова провинциясының тауларында қасқырлармен бірлесе өмір сүрген. 19 жасында оны азаматтық гвардияшылар тауып өркениетті ортаға қайтарды. Алайда 72 жасқа келсе де Маркос адамдар арасында өмір сүруге бейімделе алмаған деп хабарлайды bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Маркос Родригес Пантоха 1946 жылы Аньор қаласында дүниеге келді. Үш жасында анасынан айырылған баланы әкесі басқа әйелмен қосылып тастап кеткен. Маркосты қарт шопанға көмектесу үшін тауға апарып тастайды. Алайда, шопан да өмірден озып бала Маркос тіптен жалғыз қалған. Сол кезде ол үңгір ішінде күшіктерімен тұратын қасқырға тап болды. Қасқырлар отбасысы адам баласын өз қатарына құшақ жая қабылдады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Маркостың жыртқыштар арасында өмір сүріп, қалайша тірі қалғаны әлі де белгісіз. Алайда оны испаниялық азаматтық гвардия тауып алғанда 19 жастағы боз бала ып жүрген. Маркосты өркениетті қоғамға қайтарғанымен ол адамдармен өмір сүруге бейімделе алмаған көрінеді. Ол қайтадан қасқырлар ортасына қайтып бармақ болған. Бірақ жыртқыштар оны енді өз бауырлары ретінде санамаса керек.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC
«Қасқырларды шақырсам олар маған жауап қайтады, алайда жоламайды. Мен әтір қолданғандығымнан олар менің адами иісімді сезеді», - деп айтты Маркос.
Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Қасқырлармен өткізген күндері жайлы Маркоста тек қана жылы естеліктер қалған. Ол өзін туған баласындай қабылдаған қасқыр-ана мен бауырларындай сыйлаған күшіктер жайлы тек жақсы нәрселер айта алатынын жеткізді. Оның айтуынша, олар жетім қалып қойған Маркосты жабайы табиғат аясында өмір сүруге үйреткен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Алайда, 53 жыл бұрын оның тауып алған гвардия күзетшілері оның бақытты сәттеріне балта шапқандай болды. Өмірінде орын алған бұл өзгеріс Маркосқа тек кері әсерін тигізген. Адамзат қоғамында оның футбол мен саясат жөніндегі білім таяздығы кесірінен көпшілік оны алдап-сұлдап, күлкіге айналдыра бастаған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бүгінгі күні "испаниялық Маугли" Оренсе провинциясындағы кішкентай ауылда тұрып жатыр. Адамдардан әбден көңілі қалған Маркос абырой болғанда кейбір көршілеріне разы екенін білдірді.

12 жыл бойы жабайы ортада өскен азамат балалармен тірі табиғат пен аңдар туралы әңгімелесуді жақсы көреді. Оны тіпті мектепке қоршаған ортаны қорғау аясында дәріс беруге шақырып тұрады. Үлкендер арасынан гөрі балалар ортасында Маркос өзін анағұрлым еркін сезінсе керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1725571-kaskyrsa-lidy-brilermen-12-zyl-bojy-birge-mir-srgen-er-adam-kim/

pixel