RU
Алматылық ата-ана 15 жастағы қызын таппай жанұшыруда (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық ата-ана 15 жастағы қызын таппай жанұшыруда (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда 15 жастағы Арайлым Жұматаева есімді оқушы қыз жоғалып кетті. Ол 7 сәуір, сенбі күні сабақтан соң үйіне оралмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz

Қыздың асырап алған анасы Айнұр берген мәліметтерге сәйкес, Арайлым күндізгі сағат 13:30 шамасында мектептен шыққан. Осыдан кейін құрбысымен бірге Мега сауда ойын-сауық орталығына бармақ болыпты. Алайда жолда құрбысына анасы хабарласып, үйіне қайтарып алған.

Ал Арайлым құрбысына 66-бағыттағы автобусқа отырамын деген екен. Содан бері оның қайда кеткенін ешкім білмейді. Оқушы қыздар Гагарин мен Жандосов көшелерінің қиылыснда екіге бөлінген.

Жоғалған қыздың ұялы телефоны істемей қалғандықтан, оны үйінде тастап кеткен көрінеді.

Арайлымның үстінде ақ жейде мен мектеп формасы, сұр аяқ киімі болған.

Оның туыстары Алматыдағы Бостандық аудандық ІІБ-не қыздың жоғалғаны туралы арыз жазғды.

Оқушыны көріп-білгендер болса мына нөмірлер бойынша хабарласуларын өтінеді: 8-702-682 27 55, 8-775-929 46 43, 8-702-199 90 80.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
7
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel