RU
Астанада жылына жеті млн теңге төлейтін мектепте кімнің балалары оқиды?
Жаңалықтар Қоғам

Астанада жылына жеті млн теңге төлейтін мектепте кімнің балалары оқиды?

Рассказать Вконтакте

Астаналық бай-бағландар балаларының «болашағынан» ақша аяп қалатын емес. Олар жылына 7 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсап, перзенттеріне «бұл жерде жоқ» білім беру үшін қымбат мектептерге беруге құштар деп хабарлайды NUR.KZ.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ауқаттылар бөбектерін қымбат балабақшалар мен мектептерге беріп әлек. Мәселен, Астанадағы «Haileybary» мектебіндегі жылдық оқу ақы мөлшері – 6 млн 776 мың теңгеден бастап, 8 млн 819 мыңға дейін жалғасады екен.

Мектеп сайтындағы мәліметтерге сәйкес, оқу ақы бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне байланысты өсе бермек. Мәселен, ата-аналар балалардың білімі үшін 7-11 жас аралығында 7 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсаса, кейін төлемақы әр үш-төрт жыл сайын тағы да 1 млн теңгеге арта береді екен.

Білім ордасындағы барлық пәндер – ағылшын тілінде жүреді және ұстаздары да – ағылшын азаматтары. Әлемде 150 жылдан астам тарихы бар британ мектебін бітірген түлектер Англия мен АҚШ-тың әйгілі жоғарғы оқу орындарына оп-оңай түсе алатын көрінеді.

БАҚ беттеріндегі мәліметтерге сәйкес, мұнда бірқатар танымал тұлғалардың да балалары білім алады екен. Мәселен, Ләйлә Сұлтанқызы, Нұрлан Қоянбаевтар перзенттерін осы мектепке беруді жөн көріпті.

Астанамен бірге Алматыда аса танымалдылыққа ие болған келесі білім ордасы – «Мирас» халықаралық мектебі. Мұндағы жылдық оқу ақысы – 3 млн 240 мың теңгеден бастап, 5 млн 335 мың теңгеге дейін барады.

Аталған оқу орнында жылдық төлем ақы оқушылардың жас ерекшелігіне қарай төленеді. Ал шетел азаматтарының жеткіншектеріне арналған оқу ақысы тіптен шарықтап тұр. Мысалы, 20-28 мың АҚШ доллары арасын қамтиды.

Айта кетерлігі, бұл мектептің өз балабақшасы да бар. Ондағы оқу ақысы – жылына шамамен 1,5 млн теңгені құрайды. Ал, даярлық сыныбы – 2,6 млн теңге екен.

Бай-бағландар мен шенді-шекпенділердің балалары білім алатын тағы бір мектеп – «Нұрорда» мектеп-лицейі. Мұндағы жылдық оқу ақы – 2 млн 70 мың теңгені құрайды.

Ерекшелігі – мектептегі барлық пәндер тек қазақ тілінде оқытылады. Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, аталған сомаға баланың мектеп киімінен бастап, тамақ, үйірмелеріне дейін кіреді екен.

Мектепте домбыра, хор-вокал, у-шу, каратэ, шахмат сынды 10-ға жуық үйірме бар екен. Сабақ таңғы 9-дан кешкі 17:00-ге дейін жалғасатын көрінеді. Мұнда Қыдырәлі мен Қарақат Әбілдина сынды танымал тұлғалардың балалары білім алады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
5
3
0
0
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel