RU

Ауа райы болжамы: Алматыда үсік жүріп, Астанада күн жылынбақшы

«Казгидрометтің» хабарлауынша, суық ызғардың мекеніне айналған елордаға көптен күткен жылы ауа-райы орнығады. Алдағы үш күнде ауа температурасы 6-8 градусқа дейін көтерілмек деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: dentons.com
Фото: dentons.com: UGC

Батыс-Қазақстан облысында да күн жыли түседі деген болжам жасауда метеоролог мамандар. Олардың айтуынша, бұл аймақтағы ауа температурасы 14-16 градусқа дейін жетуі әбден мүмкін.

Фото: kazhydromet.kz
Фото: kazhydromet.kz: UGC

Жылы ауа-райы Қарағанды облысын да күтіп тұр. Алдағы күндері еліміздің орталығында жауын-шашын болмайды.

Алайда, мемлекетіміздің оңтүстігінде керісінше күн суытады деп күтілуде.

Оңтүстік облыстарда қазірдің өзінде дауылды алдын ала ескерту жарияланып қойылған.

10 сәуір түні Қызылорда облысында, 9-11 сәуір түні Оңтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 1-3 градус шамасында болады. Ал 11-12 сәуір түні Жамбыл мен Алматы облыстарында 5 градусқа дейін қатқақтар сақталынбақ.

Шығыс Қазақстанда болатын ауа-райының көрсеткіштері ел оңтүстігімен ұқсас келеді. Алдағы үш күнде мұндағы ауа-райы 5 градусқа дейін суытады.

Төтенше жағдай жөніндегі департаметтің хабарлауынша, 11-12 сәуір күндері Алматы қаласында -3 градусқа дейін ауа райы күтілуде.

Фото: kazhydromet.kz
Фото: kazhydromet.kz: UGC

Оған қоса, құтқарушылар аймақтарда су басу қаупі бар екенін ескертіп қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1725604-aua-rajy-bolzamy-almatyda-sik-zrip-astanada-kn-zylynbaksy.html