RU
Оралда базар маңындағы темір қораптан ер адамның мәйіті табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Оралда базар маңындағы темір қораптан ер адамның мәйіті табылды

Рассказать Вконтакте

Оралда аула сыпырушылар базар маңындағы темір қораптың ішінен ер адамның мәйітін тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

Аула сыпырушы. Көрнекі фото: zerkalo-gazeta.com

Аула сыпырушы. Көрнекі фото: zerkalo-gazeta.com

Базар қызметкері кешкі уақытта ауланы тазалағанда ешқандай қораптың болмағанын айтуда.

"Мен таңертең жұмысқа келіп, базар маңындағы аймақты тазалауға кірістім. Базар маңында біртүрлі темір қорап жатты. Әріптесіммен бірге қорапты алып тастамақ болғанымда, ол тым ауыр көрінді. Ішіне қарап едік, онда ер адамның мәйіті жатты. Оның тірі еместігі бірден білініп тұрды. Сол себепті, жедел жәрдемді шақырмай, тек 102-ге хабарластық", - дейді Ахат Қадырбаев.

Жергілікті полиция өкілі Мүсілім Жәрдемов бұл жайтқа қатысты қандай да бір ақпарат беруден ресми түрде бас тартты. Құзырлы мекеменің баспасөз қызметі де ресми ақпарат бермеді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір