Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әзілкеш: Мықты екеніңді дәлелдегің келсе, алдымен Шымкентті мойындат

Опубликовано:

Танымал «Нысана» әзіл-сықақ театрының әзілкеші Дәнекер Оразбай өз өнерін дәлелдегісі келетін жастарға алдымен Шымкентті бағындыруға кеңес берді деп хабарлайды ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Нысана" театры. Фото: ernur.kz
"Нысана" театры. Фото: ernur.kz: UGC

Қазіргі таңда театрдың атауын «Ерекше шоу» деп өзгерткен әзілкештер жаңа бағдарламамен гастрольдік сапарын бастаған.

«Екі жылдан аса уақыт сахнаға шықпай кеттік. Басшымыз Әбунасыр Серіков кино әлеміне еніп кетті. Оның үстіне ол кісі Алматыда, біз – Шымкенттеміз. Арақашықтық та жұмыстың тоқтап қалуына әсер етті. Қазір тың тақырыптар ойлап тауып жатырмыз. Бұрынғы ойнаған дүниелеріміздің әттеген-ай деген жерлерін реттеп, олқылықтың орнын толтыруға кірістік», - деген әзілкеш жаңа буынға ақыл-кеңес те айта кетті.

«Өзіңнің өнеріңді дәлелдегің келсе, шымкенттіктерді мойындату керек. Біз жақтағы халықтың қай-қайсысы да, тіпті базардағы апамызға дейін сыншы болып келеді.

Мысалы Тұрсынбек Қабатов, Қанат Әлжаппар болсын, жалпы барлығының айтатыны «Шымкенттен қорқамыз!» деген сөз. Олар біз жақта концерт беруге қорқамыз деп жатады.

Өзіңіз байқасаңыз, сахнада жүрген алдыңғы театрлардың төртеуі шымкенттік! «Шаншар», «Шымкент-шоу», «Алдараспан», кешегі біздің «Нысана да» Шымкентте шоғырланғанбыз», - деді Дәнекер Оразбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1725619-tanymal-zilkes-mykty-ekenidi-dleldegi-kelse-aldymen-symkentti-mojyndat/

pixel