RU
Бишімбаев, Тоқмәди және Дүтбаевтар жазасын қай жерде өтеуі мүмкін?
Жаңалықтар Қоғам

Бишімбаев, Тоқмәди және Дүтбаевтар жазасын қай жерде өтеуі мүмкін?

Рассказать Вконтакте

ІІМ Қылмыстық-атқарушы жүйе комитетінің төрағасы Азамат Базылбеков бас бостандықтарынан айырылған Бишімбаев, Тоқмәди мен Дүтбаевтың қай жерде жазасын өтеуі мүмкін екенін айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Коллаж NUR.KZ. Фото: abctv.kz, today.kz, sputniknews.kz

Коллаж NUR.KZ. Фото: abctv.kz, today.kz, sputniknews.kz

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың, "шыны королі" Мұратхан Тоқмәдидің және ҰҚК экс-төрағасы Нартай Дүтбаевтың қай түрмеге қамалуы мүмкін екеніне қатысты бірнеше болжам бар.

Базылбековтың айтуынша, олар жазасын тұрғылықты жері бойынша немесе қылмыстық жазаға тартылу жері бойынша өтеуі мүмкін.

Немесе сотталушының өтініші бойынша, оны туыстары тұратын жердегі колонияға бағыттауы ғажап емес.

"Білмедім, ертең Бишімбаев "менің анам мен әкем Қызылордада тұрады" деуі мүмкін. Біз оны Астанада қамауда ұстаймыз деп нық сеніммен айта алмаймын", - дейді Базылбеков.

Бірінші іс бойынша Алматыда, кейін Таразда сотталған Тоқмәдидің де жазасын қайда өтейтіні әзірге белгісіз. Ал Дүтбаевтың ісі Астанада қаралған болатын.

Еске салсақ, Бишімбаев ақша жымқырып, пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталған.

Мұратхан Тоқмәди "БТА Банк" басқармасының бұрынғы төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін 10,5 жылға сотталды.

Нартай Дүтбаев мемлекеттік құпияны жария етіп, қызметін асыра пайдаланғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
2
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel