RU
Оралда полицейлер босатып жіберген ұры тағы бірнеше кеңсені тонаған (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Оралда полицейлер босатып жіберген ұры тағы бірнеше кеңсені тонаған (видео)

Рассказать Вконтакте

Полиция қарыз беру орталығын тонаған жігіттен ешқайда кетпеу тілхатын алып, оны тергеу уақытына босатып жіберген. Нәтижесінде бостандыққа шыққан қылмыскер ұрлықтарын одан сайын еселей түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Оралдағы қарыз беру орталығын тонауының видеосы жария болды

Оралдағы қарыз беру орталығын тонауының видеосы жария болды

Қарыз беру орталығының басшысы Эльдар Мұратовтың айтуынша, 21 наурыз күні Оралдағы кеңселердің біріне түскен ұры 397 мың теңгені қолды етті.

«Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап алған. Білуімізше оның аты-жөні - Арман Ержанов, 34 жаста,
Тергеу барысында, қылмыскердің ұрлық үшін шартты түрде сотталғаны анықталды. Оның үстінде ол пробациялық бақылауда болған көрінеді.
Тергеу кезінде ол біздің кеңсені тонағанын толық мойындады. Ал біздің қызметкер болса оны бірден таныды.
Оны ешқайда шықпау тілхаты негізінде босатып жібергенде біздің қалай таңғалғанымызды білсеңіздер ғой. Ұрыны тергеу уақытында қамауда ұстаулары керек еді», - деп мәлімдеді орталық басшысы.

Эльдар Мұратовтың айтуынша, қылмыскер бостандыққа шыға сала тағы бірнеше кеңселерді тонап үлгерген. Бұл оқиғалар ұрыны босатып жіберген полиция кесірінен орын алды деп есептейді ол.

«3 сәуір күні Ержанов біздің басқа кеңсеге дәл солай қорқыта келіп, 115 мың теңгені алып кетті. Тәртіп сақшылары бізді әлсіз қауіпсіздік шаралары үшін кінәлап жатыр. Алайда, біз бұл айыптауларды орынсыз деп санаймыз.
Ұры 20-30 секунд арасында өз ісін тындырса, күзет агенттігі 3-4 минутта бірақ жетіп үлгерді. Ол уақытта қылмыскер табанын жалтарып үлгерді», - деп ашынып айтты Эльдар Мұратов.

Оған қоса, Арман Ержанов қарыз беру кеңсесіне қарама – қарсы орналасқан ломбардты да тонап кеткен.

« Ол ломбардқа кіріп аяғы ауыр әйелге қоқан-лоққы көрсетті. Қашып кетпек болған қызметкердің ішіне пышағын сұқпақшы болып қорқытса керек», - деп қорытындылады қарыз беру орталығының өкілі.

Нәтижесінде баласының өмірі үшін қорыққан әйел оған бірден 105 мың теңгені бере салыпты.

Полиция қызметкерлері ломбардтағы оқиғаға да Ержановтың қатысты екенін растаған. Оның үстіне өткен жұма күні бәс тігу орталығынан 65 мың теңгені де ұрлап кеткен сол бір ұры екенін де айтты.

Ұрлықшы жексенбіге дейін бостандықта жүрген. Тек 8 сәуір күні таңертен оны қаладағы аялдамалардың бірінде тұтқындаған.

ШҚО-ның ІІД орын алған ұрлық оқиғаларын растап, оларға қатысты пікірлерін кейінірек білдіруге уәде етті.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір