Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыс үстінде жыныстық қатынаспен айналысқан дұрыс па?

Опубликовано:

Ресей тұрғындарының жұмыстағы жыныстық қатынасты еш әбестік санамайтыны анықталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы 5-tv.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмыстағы жыныстық қатынас. Көрнекі фото: thesun.co.uk
Жұмыстағы жыныстық қатынас. Көрнекі фото: thesun.co.uk: UGC

Zarplata.ru порталының мамандары жеті мыңнан астам ресейліктен сауалнама жүргізіп, олардың жұмыста әріптесімен жыныстық қатынасқа түсуге қалай қарайтынын анықтады.

Нәтижесінде сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі әріптесімен жақын қарым-қатынас орнатқанын, ал әрбір тоғызыншысы жұмыста жыныстық қатынасқа түскенін мойындаған.

Олар жеке кабинеттерде, қаңыраған баспасөз залдарында, әжетханада, кеңсенің ас үйінде және киім өлшейтін бөлмелерде жыныстық қатынасқа түскендерін айтып берген.

Жұмыстағы жыныстық қатынасқа ресейліктердің қалай қарайтыны белгілі болды
Жұмыстағы жыныстық қатынасқа ресейліктердің қалай қарайтыны белгілі болды: UGC

Тіпті басшылықтың өзі қызметкерлерінің жұмыста жыныстық қатынасқа түсуіне еш қарсылығы жоқтығын айтып, ағынан жарылды. Олар бұл жайт жұмысқа кедергі келтірмесе, төсек қатынасына түсудің еш әбестігі жоқтығын алға тартуда.

Осы орайда социологтар ер азаматтардан гөрі әйелдердің жұмыста әріптесімен төсектес болуға бейім келетінін айтуда. Playboy журналының мәліметіне сенсек, ондай әйелдердің дені жас әрі сымбатты қызметкерлерге көз сүзеді екен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1725628-zmys-stinde-zynystyk-katynaspen-ajnalyskan-drys-pa/

pixel