RU
Қолымен қамыр жайып, аяғымен бесік тербеткен келіншек қызу талқыға түсті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қолымен қамыр жайып, аяғымен бесік тербеткен келіншек қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде қамыр жайып жатқан келіншектің аяғымен бесік тербетіп жатқан видеосы жария болды. Бейнежазбадағы әйелдің қылығы желі қолданушылардың арасында дау тудырды деп хабарлайды ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видео скриншоты

Фото: Видео скриншоты

Көпшілікті шулатқан видеоны Facebook парақшасына Нұрсұлтан Нақыпбекова атты оқырман жүктеп қойған. Бейнежазба астына ол "Мынаған не дейсіздер? Дұрыс па, бұрыс па?" деген сауалнама қалдырып қойыпты.

Осыған орай желі қолданушылар өз пікірлерін білдіріп, екіге бөлініп кетті. Алайда, келіншектің іс-қимылы басым көпшілігінің көңілінен шықпаған көрінеді.

Солардың бірі Дина Ажмагамбетова әйелдің бесікті аяғымен шайқауын қасиетсіз қылыққа теңеп, өзін «бесаспап келін» ретінде көрсеткісі келген әйелді қатты сынап тастады.

Ал кейбіреулері болса, үй шаруасына үлгермейтін келіншектердің кез-келгені дәл осылай істейді деген пікір білдірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
2
6
4
1
38
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір