RU
Жезөкшеге ғашық болған қостанайлық азамат оны қызғаныштан өлтіріп тастады
Жаңалықтар Қоғам

Жезөкшеге ғашық болған қостанайлық азамат оны қызғаныштан өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Қостанайда үш рет істі болған тұрғын Абай Мұхамбетов жеңіл жүрісті бойжеткенді қызғаныштан өлтіріп тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы kstnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жезөкшеге ғашық болған қостанайлық азамат оны қызғаныштан өлтіріп тастады. Көрнекі фото: kstnews.kz

Жезөкшеге ғашық болған қостанайлық азамат оны қызғаныштан өлтіріп тастады. Көрнекі фото: kstnews.kz

Ер адам Рудненский балалар үйінде тәрбиеленген 22 жастағы Кристина есімді жеңіл жүрісті бойжеткенді аяусыз өлтіріп тастайды.

Пластикалық терезелерді жөндеуші Абай Мұхамбетов Кристинаның кезекті клиенті болған. Алайда ол жеңіл жүрісті аруға ғашық болып қалып, онымен кездесе бастайды.

Абай Кристинаға апта сайын 15 мыңды өзі тауып беріп отыратынын алға тартып, одан жезөкшелікті тастауды талап етеді.

Өткен жылдың 27 қарашасында Мұхамбетов Кристинаның пәтеріне келіп, үйінен ер адам шығып бара жатқанын байқап қалады.

Бойжеткен ер адам үйдің кранын жөндеуге келгенін айтпақ болғанымен, қызғанышқа бой алдырған Абай Кристинаны буындырып өлтіреді. Бойжеткеннің мәйітін оның құрбысы тауып, полицияға хабар берген.

Сотта Абай өз кінәсін мойындап, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сонымен қатар қаза болған бойжеткеннің әжесіне 1,5 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Татьяна Башкатованың материалынан аударылды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel