RU
"Мама деп айтса екен": Қызылордалық келіншек 4 жасар қызының дертіне дауа іздеуде
Жаңалықтар Қоғам

"Мама деп айтса екен": Қызылордалық келіншек 4 жасар қызының дертіне дауа іздеуде

Рассказать Вконтакте

Төрттен асқан қызының дертіне дауа таппай шырылдаған Гаухар есімді Қызылорда облысының тұрғыны NUR.KZ тілшісіне хабарласып, көпшіліктен көмек сұрады.

Асланбек Ясмина. Фото: nur.kz

Асланбек Ясмина. Фото: nur.kz

Гаухардың бүгінде төрт баласы бар. Үйдің ортаншысы Асланбек Ясмина төрт жастан асса да, әлі күнге дейін жүре алмайды. Бүлдіршіннің тіптен тілі де шықпаған.

«Босанғанға дейін ештеңе білінбеді. УЗИ арқылы құрсағымдағы сәбиім қыз екенін білгенде қатты қуандым. Себебі, өзімнің әпке-сіңлілерім жоқ, үйдегі жалғыз қыз едім. Қызымның жарық дүниеге келгені мен үшін бақыт. Алайда, төрт жылдан бері балапанымның емі табылып, ең болмаса жүріп кетсе екен деп тілеп келемін. Сәбиімді 33-34 аптасында, ертерек босанып қойдым. Босанған соң вакцина салғанша қызым тыныш болды. Вакцина салдырған соң тоқтамай жылай бастады», - дейді Ясминаның анасы.

Балақайды екі айлығында Қызылорда қаласындағы «Неврология және реабилитация» орталығына жатқызған. Тексеру нәтижесінде балақайдың басында туа бітті киста бары анықталады. Бұдан бөлек, Ясминаға «сал ауруы, дамуының қалыс қалуы мен табан сүйегінің қисық жетілуі, өт жолдары дерті» диагноздары қойылған.

Асланбек Ясмина. Фото: nur.kz

Асланбек Ясмина. Фото: nur.kz

«Мемлекеттік квотамен емделіп тұрамыз. Бірақ еш нәтижесіз. Толыққанды диагнозын да айтпайды. Тек бір құлағы естиді. Үмітіміз де осы болып тұр. Құлағы естісе, сөйлеп кетер деп ойлаймыз. «Мама», «Папа», «Әжетке отырамын» деп айтса да ризамыз», - деген кейіпкер көзіне жас алды.

Сондай-ақ, балақайдың денесі эпилепсиядан құрысып қалып, бетінің бәрін жиі жарақаттап алады. Төрт баланың анасы қызы құлап қалып, дене жарақаттарын ала ма деген уайыммен күнін өткізуде. Гаухар өздігінен аяққа тұра алмайтын Ясминаға көмектесу үшін қаржы сұрап, көпшіліктің алдына шығуды мақсат етпеген. Тек жомарт жандар немесе ұйымдар болса, қызының жақсы емханада емделуін қалайды.

«Қаражат тапшылығынан ақылы клиникаларға емдетуге шамамыз жоқ. Бар арманымыз - осы қызымыз адам болып кетсе екен. Ясминаның қатарластары құлыншақтай шауып жүргенін көргенде, жылап аламын. Бірақ қолдан келер шара жоқ. Қызымыз ең болмаса сөйлеп, жүріп кетсе деп Алладан күндіз-түні тілейміз», - деді Гаухар.

Кейіпкер Алматы мен Астанадағы ақылы әрі жоғары сапалы емханаларда қызын бір тексертіп, дертінің нақты себебін білгісі келеді. Гаухар мен төрт жасар Ясминаға көмек көрсеткісі келетін жандардан редакцияға хабарласуын сұраймыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
12
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір