RU
Қазақ қызының "Playboy" бетіндегі жалаңаш суреті қызу талқыға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ қызының "Playboy" бетіндегі жалаңаш суреті қызу талқыға түсті

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ оқырмандары 8747 535 12 98 WhatsApp нөміріне жолдаған хабарламасы арқылы құрбыларының бастан кешірген оқиғасымен бөлісті. Олардың айтуынша бойжеткеннің Playboy бетіндегі суретін заңсыз жолмен қолданып, оның рұқсатынсыз таратып жіберген.

Көрнекі фото: trendymen.ru

Көрнекі фото: trendymen.ru

«Құрбымыздың Instagram парақшасын бұзып алып, оның фотошопталған суретін моңғолиялық Playboy журналының бас бетіне шығарып қойыпты. Таныстарымыз бұл суретті Баян Алагөзованың парақшасынан көріп қалғандықтан, құрбымызға көптеген хаттар келіп түскен.

Оны танып қойғандар оның суреті қалайша бәріне жария болғанын сұрастырып қоймады.

Біз Баян ханымның директорымен хабарласып, құрбымыздың суреті заңсыз салынғанын дәлелдегенннен кейін, ол сурет парақшадан өшірілген болатын», - деп мәлімдеді оқырмандар.

Баян Алагөзованың директоры болған жайтты растап, дәлелдемелермен танысып болған соң бойжеткеннің суреті өшіріліп тасталғанын айтты.

« Бізге қыздың құрбысы хабарласып, орын алған оқиғаға қатысты оның жүйке жүйесі сыр беріп жатқанын айтты. Оған қоса, дәлел ретінде бірқатар суреттерді де жіберді.

Белгілі болғандай, бойжеткен Playboy журналының бетіне өз суретін фотошоп арқылы жасаған.

Алайда, белгісіз себептерге байланысты фото бәріне таралып кеткен екен. Баян ханым бұл суретке тек қазақ бас киіміндегі қыз болған соң назар аударса керек.

Мен суретті мұқият зерттеп бет-әлпетінің ұқсас болғанымен, денесі суретке сай келмейтініне көзім жетті», - деп түсіндірді продюсердің өкілі.

Суретті жариялап жіберген ресейлік сайт оның түпкілікті нұсқасын қайдан алғандарына қатысты пікір білдіруге уәде етті.

Сіздің реакцияңыз
8
1
1
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel