RU
Сарыағашта ерегісіп қалған жігіттер көшеде бір-бірімен атысқан
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Сарыағашта ерегісіп қалған жігіттер көшеде бір-бірімен атысқан

Рассказать Вконтакте

Сарыағашта ерегісіп қалған көрші ауылдың жігіттері бір-бірімен атысты. Ауыл тұрғындарының сөзінше, бір-біріне суық қару кезенген азаматтар бұған дейін де араздасып келіпті. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сарыағаш

Сұмдық жағдай Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында болған. Бесқұбыр ауылының тұрғындары көрші Абай ауылындағы жігіттермен арадағы дауды шешуге келеді.

Алайда ымыраға келе алмаған тұрғындардың ерегісі қанды оқиғамен аяқталған.

Оқыс жағдай кезінде ауыр жараланған екі азамат ауруханаға түсті. Дәрігерлер оқ тиген жігігтердің өмірін аман алып қалды.

Куәгерлердің сөзінше, тапаншадан оқ атқан азаматтардың жасы шамамен 25-30 шамасында. Сондай-ақ, бейресми мәліметтерге қарағанда күдіктілер қамауға алынған.

Қазір осы жағдайға қатысы бар деген болжаммен үш азамат тергелуде.

Жергілікті құзырлы орган өкілдері болған жағдайды растады. Қазір оқиға орнында полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
7
13
1
3
7
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel