RU
Немересінің өз ағасынан жүкті екенін естіген әжей өз-өзін өртеп өлтірді
Жаңалықтар Әлемде

Немересінің өз ағасынан жүкті екенін естіген әжей өз-өзін өртеп өлтірді

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы ауруханада 66 жастағы тұрғын қайтыс болды. Тоғызыншы сынып оқитын немересінің туыс ағасынан жүкті болғанын естіген әжей өз-өзін өртеп жіберіпті. Бұл жайында Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Немересінің өз ағасынан жүкті болғанын естіген әжей өз-өзін өртеп өлді

Немересінің өз ағасынан жүкті болғанын естіген әжей өз-өзін өртеп өлді

Аталған оқиға 31 наурыз күні болған. Ауыл ішінде желдей тарап кеткен өсекті естіген әжей қатты намыстанып, үстіне жанармай құйып, от қоя салыпты.

Жергілікті мектептердің бірінде директор болып жұмыс істейтін азаматтың айтуынша, ауыл ішіндегі қауесет әңгімелер әжейді қатты шаршатқан.

Оның үстіне, Әндіжан әкімі әр жиналыста оқушыны көпшіліктің көзінше масқаралайтын болған екен.

«Хоким жиын болған сайын сол қызды сөз ететін. "№6 орта білім алатын мектебінің тоғызыншы сынып оқушысы жүкті болып қалды. Не деген масқара! Әжесінің қолында өскен, оған дұрыс тәрбие бере алмаған. Анасы болса Ресейде жұмыс істейді", - деп әр жиналыста айтатын.
Қыздың әжесін қала әкімшілігіне, полиция және прокуратураға жиі шақыртып жататын. Елдердің айтқан өсек әңгімелері әжейді осы халге жеткізді. Сол себептен де ол өз-өзін өртеді», – дейді мектеп директоры.
Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
15
1
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір