RU
Ақтөбе тұрғыны бұрынғы әйелінің жаңа ғашығын тонап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбе тұрғыны бұрынғы әйелінің жаңа ғашығын тонап кеткен

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласының 22 жастағы тұрғыны азаматтық некеде болған әйелінің үйіне барып, оның екінші күйеуімен танысып, қолындағы ұялы телефонды тартып алған деп хабарлайды Aktobenews.kz. сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбе тұрғыны бұрынғы әйелінің жаңа танысын тонап кетті

Ақтөбе тұрғыны бұрынғы әйелінің жаңа танысын тонап кетті

Ақтөбе қалалық №2 сотында айыпталушы Е.Жаңабектің (есімі өзгертілді — ред.) ісі қаралды. 22 жастағы қала тұрғыны Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабымен айыпталды. Іс материалына сүйенсек, айыпталушы 4 жыл бұрын сотталып, кейін рақымшылыққа іліккен.

Қайта қылмыс жасаған кезде оған «күзетпен» ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ол өткен жылдың соңында азаматтық некеде болған әйелдің үйіне барған. Сол кезде айыпталушы бұрынғы әйелімен бірге тұратын өзге еркекпен танысады.

Ол бірден жаңа танысының қолында болған «Samsung G-2 Prime» маркалы ұялы телефонды байқап қалған.

Келесі күні түнде сол үйге қайта барып, әлгі ер адамнан ұялы телефонымен далаға шығуын сұрайды. Кездескен кезде айыпталушы бұрынғы әйелімен бірге тұрып жатқан ер адамның ісі дұрыс емес деп айтып, есебіне телефонды беруін талап етеді. Бірақ екеуі келіспей, төбелеседі

Жанына сыбайласын ертіп жүрген айыпталушы телефон мен 1 мың теңге ақшаны алып кетеді.

Сот отырысы кезінде айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, тартып алған телефонды орталық базарға апарып, 20 мың теңгеге сатып жібергенін айтты.

№2 қалалық сотының судьясы Перизат Атыбаева 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, айыпталушы жәбірленуші А.Акуовқа 46 500 теңге материалдық шығынды өтеуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel