RU
Қарағандыда 8 қабаттан құлаған сексендегі қария тіл тартпай кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандыда 8 қабаттан құлаған сексендегі қария тіл тартпай кетті

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда көпқабатты үйдің сегізінші қабатынан құлаған ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Зейнеткер 82 жаста болған. Қарияның биіктіктен құлауына не себеп болғаны анықталып жатыр деп хабарлайды Baq.kz.

Қарағандыда 8 қабаттан құлаған сексендегі қария тіл тартпай кетті

Қарағандыда 8 қабаттан құлаған сексендегі қария тіл тартпай кетті

Ел арасында «Гармошка» атанған үйдің 8-қабатынан құлаған қария бірден тіл тартпай кеткен.

«Жедел медициналық қызмет көрсету станциясына 9 cәуір күні таңертең сағат 09.19 минутта Ермеков көшесі бойындағы 52-үйде төтенше жағдай болғандығы жайлы хабарлама түсті. Бір минуттан кейін дәрігерлер жолға шықты. Өкінішке қарай, оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері келгенше ер адам қайтыс болған», - дейді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Облыстық Ішкі істер департаменті қарт адамның 8-қабаттан құлап, қаза болуына не себеп болғанын анықтап жатқандықтарын хабарлады.

Әзірге қарияның өліміне биіктіктен абайсызда құлап кетуі себеп болғандығы немесе оның өз-өзіне қол салғысы келгендігі анықталуда. Белгілісі - 1939 жылы туылған зейнеткер еуропалық ұлт өкілі болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
6
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel