RU
Қазақ офицерлері қарулы қақтығыс болып жатқан Ливанға аттанбақшы
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ офицерлері қарулы қақтығыс болып жатқан Ливанға аттанбақшы

Рассказать Вконтакте

Қорғаныс министрлігі Қазбаттың 120 сарбазын Таяу Шығысқа жіберуге дайындап жатыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: army.mil

Көрнекі фото: army.mil

Бітімгершілік туралы заң күшіне енгелі, еліміздің Қорғаныс министрлігі соғыс болып жатқан мемлекеттерге сарбаз жіберуге мықтап кіріскен. Осы бағатта БҰҰ-мен байланысты да күшейтіпті. Өйткені, БҰҰ бітімгерлерінің қатарына қосылу кез келген мемлекет үшін үлкен абырой екен.

Сонымен, биыл күзде Қорғаныс министрлігі 120 сарбазды Ливанға аттандырғалы жатыр. Бұл елдегі қақтығыс Сириядағы азаматтық соғысқа байланысты. Онда Асадты қолдаушылар мен қарсы тарап өзара қырқысуда.

"Жақында Қазбаттың 30 сарбазы Үндістанға барып, жаттығып келді. Олар бітімгершілік миссиясын орындайды. Ал 15 офицер әскери борышын өзге елдерде қанды қырғынның ортасында өтеп қайтқан", - дейді Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

Айта кетейік, сарбаздар әскери қақтығысқа тікелей қатыспайды. Бақылаушы ретінде мемлекеттер арасындағы келісімдердің жүзеге асуына араласады және жағдайды БҰҰ-на баяндап отырмақ.

Қазбат жасағы бұған дейін Тәжікстанда, Иракта әскери міндетін өтеді. БҰҰ-нан ұсыныс түссе, Қорғаныс министрлігі Сирияға да сарбаз жіберуге дайын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
13
1
3
1
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel