RU
"Олар мені тонап кетті": Патрик Алотей Қанат Исламды реваншқа шақырды
Жаңалықтар Қоғам

"Олар мені тонап кетті": Патрик Алотей Қанат Исламды реваншқа шақырды

Рассказать Вконтакте

Африкада өңірлік WBO белбеуін жеңіп алған ганалық боксшы Патрик Алотей бірінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Қанат Исламды реваншқа шақырды деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vesti.kz

Фото: vesti.kz

Мен Қанат Исламмен реваншқа шыққым келеді. Біздің бірінші жекпе-жегімізде олар мені тонап кетті, сол себепті мен онымен тағы да жұдырықтасқым келеді", - деді Аллотей.

Өткен сенбіде, 7 сәуірде Гананың Акра қаласында Аллотей алтыншы раундта өз отандасы Фрэнк Додзиді (19-9, 17 КО) нокаутқа түсіріп, өңірлік WBO белбеуін жеңіп алды.

Осыған дейін де Аллотей Исламды жекпе-жекке шақырып, 2016 жылы 29 қазанда Алматыда өткен бокс кешінде әділетсіз шешім шығарылғанын айтқан еді.

Жекпе-жек барлық 12 раунд бойы созылды, төрешілер шешімі бойынша бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір